Қызылордада оқушы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген
Қызылорда облысында жағаұстатар жағдай болған. "Немолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің сөзінше, 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Дина Таңсәрі 16 жастағы оқушыны сыныптастары ақпаннан бастап туыстарымен жезөкшелікке сатқанын, қыз - бір үйдің жалғызы екенін мәлімдеді.
"Немолчи" қорының жетекшісі ұсынған мәліметке сүйенсек, қыз ауық-ауық байланысқа шығып, видеомен хабарласып, кафеде даяшы немесе гүл сататын дүкенде сатушы болып жұмыс істейтінін айтқан. Ата-анасы айтылған жерге барғанда, ол жақтағылар қыздың жай ғана видео түсіріп, кетіп қалғанын жеткізген. Қыздың сөзінше, ата-анасы шу шығармас үшін оны осылай жасауға мәжбүр еткен.
Қоғам белсендісінің сөзіне сүйенсек, қыздың сыныптастары туыстары Астанадан екенін, ол жақта "крышалары" барын, тіпті қызға ата-анасын өлтіретінін айтып қорқытқан.
Шын мәнінде жағдай адамшошитындай болып шықты, қызды азаптап, мефедронды күштеп қабылдауға мәжбүр еткен, тұншықтырып, балқытылған пакеттермен күйдіріп, қорлаған, жезөкшелікпен айналысатын әйелдердің сайтына тіркеп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр етіп, ақшасын алып жүрген", - деп жазды "Немолчи" қорының жетекшісі.
Дина Таңсәрінің айтуынша, Қызылорда полициясы тергеу жүргізіп жатыр, күдіктілер ұсталған.