«Майқайыңалтын» кенішіндегі апат: Шұңқырдан жұмысшылардың жеке заттары, автобус бөлшектері табылды

1 517

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, "Майқайың-алтын" АҚ тау-кен аумағында іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Автобус жатуы мүмкін жерге арнайы техниканың кіруі үшін өткелді тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін барлығы 200 мың тоннадан астам топырақ пен тау жыныстары шығарылды.


«Сағат 14:45-те «Майқайың-алтын» АҚ аумағындағы опырылған шұңқырдың түбіне шағын көлемді экскаватор түсірілді. Жұмыстар асқан сақтықпен және шұңқырдың бүйір қабырғаларының құлау қаупінің сақталуына байланысты барлық қауіпсіздік шарасын сақтай отырып жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады облыс әкімдігі.


Жұмыстарды жүргізу кезінде жұмыс құжаттатары және жол-сапар журналы бар құтқарушылардың сөмкесі, сондай-ақ, мемлекеттік тіркеу нөмірі бар автобустың шанақ бөлшегі табылды.


Автобустың болжамды орналасқан жеріне дейінгі топырақты қазып алу міндеті қойылған шағын экскаватордың жұмысы аяқталғаннан кейін мамандар оны жоғары көтеру жұмыстарын бастайды.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.