Бейтаныс адам тал түсте жігітті пышақпен қорқытып, ақша талап еткен
Түркістанда тал түсте жігітті пышақпен қорқытып, ақша талап еткен азамат қамауға алынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Түркістан қалалық полиция басқармасына жігіт арызданып, тал түсте көше бойында өзіне бейтаныс адам пышақпен қорқытып, 200 мың теңге ақша талап еткенін жеткізді.
Жедел әрекетке кіріскен тәртіп сақшылары осы іске қатысы бар 27 жастағы жігітті қолға түсірді. Анықталғандай, оқиға 14:00 шамасында көше бойында болған.
Ер азамат қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қаз
Рус






