Арал теңізінде екі балықшы суға батып кетті

497
Арал теңізінде екі балықшы көз жұмды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға түстен кейінгі уақытта орын алған.

Балықшылар Ақеспе ауылы тұсында Арал теңізіне қайықпен шыққан,- деп мәлімдейді Қызылорда облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Арал ауданы Ақеспе ауылының 1969 жылы туған тұрғыны және Аманөткел ауылының 1971 жылы туған тұрғыны белгісіз себептермен қайықтары аударылып, суға кеткен,- деді өңірлік ТЖД баспасөз қызметі.

Марқұмдардың денесін балықшылар тауып алған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.