Бейтаныс адам тал түсте жігітті пышақпен қорқытып, ақша талап еткен

1 673

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Түркістанда тал түсте жігітті пышақпен қорқытып, ақша талап еткен азамат қамауға алынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Түркістан қалалық полиция басқармасына жігіт арызданып, тал түсте көше бойында өзіне бейтаныс адам пышақпен қорқытып, 200 мың теңге ақша талап еткенін жеткізді.

Жедел әрекетке кіріскен тәртіп сақшылары осы іске қатысы бар 27 жастағы жігітті қолға түсірді. Анықталғандай, оқиға 14:00 шамасында көше бойында болған.



"Жігіт досының үйіне жаяу бара жатқан тұста алдынан бейтаныс ер азамат шығып, пышағын көрсетіп, қорқытқан. Артынша ақша талап еткен. Жігіттің қалтасында ақша болмағандықтан, күдікті оның телефонын алып кеткен",- делінген хабарламада.

Ер азамат қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.