Қызылорда облысында 30 қылмыстың беті ашылды

175
Қызылорда облысында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бір тәулікте 30 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысы ПД қызметкерлері күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып жатыр.

Полицейлермен жүргізілген іс-шараның үш күнінде 1806 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Тәулікте 30 қылмыс ашылды. Отбасы тұрмыстық қарым қатынастар саласында жасалған құқық бұзушылықтың 29 дерегі, ұсақ бұзақылық бойынша 215 дерек, қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 210 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Сондай-ақ автокөлікті масаң күйде басқарудың 20 дерегі анықталды. Тыныштықты бұзудың 126 дерегі тіркелсе, кәмелетке толмаған заңды өкілінсіз түнгі уақытта жүру бойынша 88 дерегі анықталды. Сонымен қатар қаруды заңсыз сақтаудың 16 дерегі тіркелді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.