Павлодар облысында колледж бухгалтері таныс-туыстарына 26 млн теңге заңсыз жалақы аударған
282
Павлодар облысындағы ақпараттық технология колледжінің бухгалтері бюджеттен 26 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Агенттіктің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті Павлодар қаласныда Ақпараттық технологиялар колледжінде қаражатты жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады.
«Колледждің бас бухгалтері Ю.Безпалая өзінің қызметін пайдаланып, 2015-2020 жылдар аралығында бюджет қаражатын заңсыз иелену бойынша қылмыстық схеманы ұйымдастырған.
Ол колледжге жалған жұмысқа орналасу үшін таныстары мен туыстарын тартып, содан кейін олардың атына заңсыз жалақы аударып, сол қаражатты иеленіп отырған», делінген хабарламада.
Сот шешімімен Ю.Безпалая 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығы 10 жылға шектелді.
Ведомствоның мәлімдеуінше, бюджет қаражатын жымқыру елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қауіптердің қатарына жатады. Әлеуметтік жәрдемақылар мен еңбек ақыларын төлеуге немесе балалар мекемелеріне азық-түлік сатып алуға арналған қаражат маңызды экономикалық және әлеуметтік мәнге ие.