Жалған дипломмен 10 жыл жұмыс істеген мұғалім ұсталды

293
Жаңаөзен қаласындағы мектептерден жалған дипломмен жұмыс жасаған педагогтер анықталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Олардың біреуі мектепте он жылдан бері жұмыс жасап келген. Ал қалған екеуі №4 мектепте тоғыз және екі жыл көлемінде қызмет еткен.

Олар Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінен, Батыс Қазақстан инженерлік - гуманитарлық университетінен және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетіненінің дипломдарымен жұмыс жасаған.

Ағымдағы жылдың басында Жаңаөзен қаласы мұғалімдерінің дипломдарын тексеру барысында кейбір мектептерде жұмыс жасайтын мұғалімдердің дипломдарының жалған екені анықталды. Қазіргі кезде олардың жалған дипломды пайдаланғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексерілуде,- деді Жаңаөзен қалалық полиция басқармасының маманы Әли Оңғарбаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.