Қазақстан пойыздарына интернет орнатылатын болды

1 391

Фото: istockphoto.comҚазақстанның жолаушылар пойыздарында 2025 жылы интернет орнатылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді.

Пойыздарға интернет тарту үшін Қазақстан OneWeb корпорациясымен келіссөз жүргізген.


«Біз түрлі технологияларға талдау жасадық. Ең оңтайлысы Starlink, OneWeb сияқты төмен орбиталды спутниктер арқылы таратылатын интернет деген шешімге келдік. Қазір OneWeb-пен келіссөз жүргіздік, қаңтар айында ҚТЖ-мен бірлесіп, пилоттық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Оның нәтижесі бойынша интернет сапасына қаншалықты көңіліміз толады, соған байланысты бізге ұсынатын тариф бойынша шешім қабылданады», - деді Коняшкин Мәжілісте өткен үкімет сағатында.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.