Алты баланың анасы ажал құшты
Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ ауылында алты баланың анасы кісі қолынан көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Аталған жағдай туралы Instagram желісіндегі парақшалардың бірі хабарлады. Онда 6 баланың анасы көз жұмғаны айтылған. Көп балалы ананың өлімі туралы ақпаратты Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Ескелді аудандық полиция бөлімі ішімдік ішу кезінде болған адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Қаз
Рус






