Алты баланың анасы ажал құшты

1 883

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comЕскелді ауданының орталығы Қарабұлақ ауылында алты баланың анасы кісі қолынан көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Аталған жағдай туралы Instagram желісіндегі парақшалардың бірі хабарлады. Онда 6 баланың анасы көз жұмғаны айтылған. Көп балалы ананың өлімі туралы ақпаратты Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Ескелді аудандық полиция бөлімі ішімдік ішу кезінде болған адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.


"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.