Елімізде жаңа туған балаға алдымен ID-код, содан кейін ЖСН берілмек
190
Бұл "Отбасының цифрлық картасы" ақпараттық жүйесін енгізу аясында жүзеге асырылады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қолданыстағы есепке алу жүйесі әр баланың өмірін толық қадағалауға және оны қорғауға мүмкіндік бермейді. Сол себепті "Отбасының цифрлық картасы" ақпараттық жүйесі аясында барлық баланы туған сәттен бастап есепке алу бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында хабарлады.
Балаларды есепке алу мақсатында туған сәтінде, яғни ЖСН берілгенге дейінгі уақытта балаға ID-код беру механизмі енгізілді. Бұл балалар саудасының алдын алу мақсатында жасалған.
Әділет министрлігі 2021 жылы медициналық куәліктер негізінде перзентханала мен перинаталдық орталықтарда туған балалардың санын туу туралы куәліктер мен ЖСН санымен салыстырды. 2015-2020 жылдары 2 390 775 балаға туу туралы куәлік пен ЖСН берілген. Ал 2 242 612 балаға медициналық куәліктер берілді. Қағаз форматтағы туу туралы куәліктердің есебінен "Халықты тіркеу регистрі" мен АХАЖ ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтердің айырмашылығы 148 163 актілік жазбаны құрады. Бірақ бұл тізімде тіркелмеген балалар анықталмаған.

Отбасының цифрлық картасы" мемлекеттік органдардың 24 ақпараттық жүйесімен интеграцияланған. 2022 жылғы 1 маусымнан бастап жобаны барлық өңірде апробациялау процесі жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Smart Bridge порталында жүкті әйелдердің денсаулығының жай-күйін бақылаудан бастап, баланың дүниеге келуінен оларды перзентханадан шығаруға дейінгі есепке алу процесін қадағалауға мүмкіндік беретін RbMisService сервисі жарияланды, – деп жазылған премьер-министрдің жауабында.