«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту»: Қызылордада 27 медициналық нысанның құрылысы басталады
Қызылордада 27 медициналық нысанның құрылысы басталады,-деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысында биыл біршама медициналық нысанның құрылысы басталады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ысқақов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте хабарлады.
Денсаулық сақтау саласы үшін халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету - басты басымдық. Бұл ретте «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жоба аясында ауылдық инфрақұрылымды дамытуда жалпы құны - 9,7 млрд. теңге болатын 27 нысан, атап айтқанда, 24 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік бекет, 1 медициналық бекеттің құрылыстары басталды.
«Қазіргі таңда құны 6,5 млрд. теңге болатын 15 дәрігерлік амбулатория құрылысын жүргізуге республикалық бюджет есебінен- 5,7 млрд. теңге бөлінді. Атап айтқанда, бұл медициналық нысандар Арал аудандағы Бөген, Қызылжар, Қазалы ауданынан Каукей, Абай, Бозкөл, Қармақшы ауданы бойынша Дүр Оңғар, Тұрмағанбет, Ақжар, Жалағаш ауданынан Есет батыр, Мырзабай, Сырдария ауданынан Н. Ілиясов, Шиелі ауданы бойынша Досбол би, Бала би, Бұланбай бауы, Жаңақорған ауданындағы Қаратөбе ауылдарынан салынады. Ал, Арал ауданы Көктем елді мекенінен бой көтеретін медициналық бекет құрылысына ағымдағы жылдың республикалық бюджетіне түзетулер енгізуде, құрылысқа 96,4 млн. теңге қаржы қаралу жоспарланған. Бүгінгі күні, «Қызылорда қаласында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсек орнына арналған көпбейінді аурухана құрылысы басталды. Жобаның құны - 36,4 млрд. теңгені құрайды», - дейді Олжас Ысқақов.
Біраз уақыттан бері аймақтағы онкологиялық орталықтың толыққанды медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік бермей отырғандығы, оның ішінде палаталардың тарлығы, ота жасау және жансақтау бөлімшесі, рентген және эндоскопиялық бөлмелерінің тапшылығы мәселе ретінде көтеріліп жүр.
«Құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін басқарма облыс әкімдігінің келісуімен науқастарға жағдай жасау үшін облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының модулдік бөлімшесі ғимаратын материалдық-техникалық жабдықтарымен бірге облыстық онкология орталығына беру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аймақ басшысының қолдауымен салаға бөлініп отырған қаржыландыруы облыстың денсаулық сақтау саласының жұмысын айрықша ілгерілетуде. Саланың игі істері алдағы уақытта да өңір халқының игілігіне айнала бермек», - деді басқарма басшысы.
Үкіметтің кезекті отырысын ашқан Премьер-Министр Әлихан Смайылов Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысы бойынша кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқын басымдықпен жеңіске жеткенін айтты. Оның кандидатурасын парламенттік партиялар мен ірі қоғамдық ұйымдарды біріктірген Халықтық коалиция ұсынған болатын және Қазақстан халқының басым көпшілігі өз қолдауын білдірді.
Сайлауалды бағдарлама сапалы іске асырылады
Әлихан Смайылов елімізде өткен президент сайлауы аясында Үкімет жұ¬мысының алдағы жылдарға белгіленген негізгі бағыттарын атап өтті.
«Үкіметтің алдағы жеті жылдағы негізгі міндеті – сайланған Мемлекет бас¬¬шы¬сының сайлауалды бағдарламасын сапалы әрі нәтижелі іске асыру. Эко¬но¬микада, әлеуметтік салада және өңірлік саясат¬тағы түбегейлі өзгерістер – осы сай¬ла-уалды бағдарламаның негізі», деді ол.
Премьер-Министрдің айтуынша, барлық мемлекеттік органдар мен ведомстволар осы мақсат үшін, яғни әділетті Қазақстан құру жолында халық¬тың мүддесіне сай күш біріктіріп, жұмы¬ла еңбек етуге тиіс. Үкіметтің жұмы¬сы негізінен экономиканы монополия¬сы第дан¬дыруға, кәсіпкерлік қызметті ын¬талан¬дыруға және азаматтардың табы¬сын арттыруға, білім беру мен ден-сау¬лық сақтау жүйелерін жаңғыртуға бағытталады.
Үкімет отырысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жоспарлары қаралды. Осы мәселе туралы баяндаған Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың мәліметінше, бүгінде ауылда шамамен 8 млн адам (бұл ел халқының 41%-ы) тұрады. Ауыл тұрғындарына 5 мыңнан астам медициналық ұйым медициналық көмек көрсетеді.
«Жалпы, медициналық-демо¬гра¬фиялық жағдай елімізде тұрақты. Рес¬ми статистика бойынша халықтың ден¬сау¬лығы жақсарып, өлім-жітім 21,3%-ға тө¬мендеді. Ауыл халқы денсаулығының талдауы бірінші орында 42,7% тыныс алу ағзалары ауруларынан зардап шегетінін көрсетеді, ас қорыту – 9%», деді министр.
Бүгінде ауылдық жерлерде 67 мыңнан астам медицина қызметкері, оның ішінде 13 мың дәрігер және 54 мың орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Медицина кадрларын ауылға тарту үшін түлектердің міндетті түрде 3 жылдық жұмыс істеу нормасы қабылданды, келген әрбір дәрігерге 1-2 млн теңгеге дейін көтерме жәрдемақы бөлінеді, ал кейбір әкімдіктер 3-5 млн теңгеге дейін бөледі. Жыл са¬йын клиникалық бейіндегі 1 500 медицина кадрын даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінеді, түлектерді өңірлерге бөлу жүзеге асырылады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы үш жылдың ішінде резидентураға берілетін гранттардың санын жыл сайын 70%-ға ұлғайтуды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар резиденттер ауылда міндетті практикадан өтетін қанатқақты жоба пысықталып жатыр. Осы жылы практикалық денсаулық сақтау қажеттіліктеріне сәйкес өңірлерге 1 872 жас маман, оның ішінде ауылға 444 дәрігер бөлінді.
«Шалғай ауылдардың тұрғындарына медициналық қызметтердің қол¬же¬тімділігін қамтамасыз ету мақсатында көлік медицинасы дамыған. Медициналық көмек және консультациялық-диаг¬ностикалық қызметтер көрсететін 149 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді. Биыл еліміздің 10 өңірінде 64 мың тұрғынға медициналық көмек көр-сеткен «Жәрдем» және «Саламатты Қа¬зақстан» екі медициналық пойызы қайтадан іске қосылды. Ауылдағы науқастарды тасымалдау және шұғыл көмек көрсету қызметін медициналық авиацияның 33 әуе кемесі жүзеге асырады», деді А.Ғиният.
Ауылда жедел медициналық көмек көрсету үшін 595 бригада жұмыс істейді, биыл 1,7 млн шақыртуға қызмет көрсе¬тілді. Ауылда медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған «адамға бағдарланған тәсіл» деп аталатын медициналық-санитарлық алғашқы көмектің озық тәжірибелерінің жобалары енгізілуде. Мысалы, пациенттерді қолдау қызметі, ақпараттандырылған қоғамдық мониторинг және халықпен кері байланыс тетіктері, инфекциялық емес ауруларды ерте анықтау, ауруларды басқару бағдарламалары, дұрыс тамақтану, саламатты өмір салтын үйрету, әмбебап прог¬рессивті патронаж үлгісі, отбасын жос¬парлау, ер адамдардың денсаулығын жақ¬сарту, баланы дамыту кабинеттері бар.
700 медициналық мекеме салынады
Денсаулық сақтау министрі биыл Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының аудандық емханасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймағына мүше 53 мемлекет үшін медициналық-санитарлық алғашқы көмек бойынша демонстрациялық алаң болып танылғанын атап өтті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің Еуропалық аймағының үш елінде – Қазақстан, Испания мен Швецияда демонстрациялық алаңдар ашты.
Емханалар деңгейінде үздік тәжі¬ри¬белерді енгізумен қатар, көпбейінді аудандық орталық ауруханалар дең¬гейінде медициналық көмек көрсету тәсілдері жетілдіріліп жатыр. Әлемдік және отандық тәжірибеде қолданылатын диагностика мен емдеудің заманауи әдістері қолданылатын Абай облысының Аягөз көпбейінді аудандық орталық
ау¬ру¬ханасында да стандарттарды енгізу¬дің және іске асырудың ең үздік тәжіри¬бесі қолданылу үстінде екенін атап өткен жөн.
Коронавирус инфекциясының пандемиясы жылдарында шектеу шараларына байланысты ауыл тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмек¬тің қолжетімділігі төмендеді. Осыған орай ауруларды ерте анықтау және уақтылы емдеу үшін ауқымды профи¬лак¬тикалық қарап-тексеру енгізіліп жатыр. Жыныстық жас құрамын, халық¬тың денсаулығын талдауды ескере оты¬рып, нысаналы топ пен ауыл тұрғын¬дары қызметтерінің тізбесі кеңей¬тілді. 20 қазаннан бастап ауылдарда про¬филактикалық қарап-тексерулер бүкіл ел бойынша жүргізілуде.
Амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге кірмейтін дәрілердің қолжетімділігін арттыру үшін салалық заңнамаға ауылдық медициналық ұйымдарда дәріхана пункттерін құру жөніндегі норма енгізілді. Осы жылдың 4 айында 230 елді мекенде 75 мемлекеттік және 161 жеке дәріхана ашылды.
«Ауылдық денсаулық сақтауды цифрландыру бойынша шаралар қабыл¬дануда. Ауылдық денсаулық сақтау объек-тілерінің 86,1%-ы интернетке қо¬сыл¬ған, жұмыс орындарының 91,1%-ы
ком¬пью¬терлермен жабдықталған, 81% меди¬ци¬налық ұйым госпитальдық ақ¬парат¬тық жүйелерді енгізген», деді Ден-саулық сақтау министрі.
Ел халқына, оның ішінде ауыл тұрғындарына медициналық-санитарлық алғашқы көмектің қолжетімділігін арттыру үшін биыл денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативі бекітілді. Осылайша, 50 адамға дейінгі ауылдарда медициналық көмекті мейіргер үй-жайсыз жүзеге асырады, ал 500 адам тұратын ауылдарда медицина қызметкерлерінің саны бір адамнан үшке дейін ұлғайып, фельдшерлік-акушерлік пункттер ашуға болады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауылдағы денсаулық сақтау нысандарына түгендеу жүргізілді, нәтижесінде 200-ден астам елді мекенде медициналық нысандар жоқ екені, 400-ге жуық медициналық нысандардың жалдамалы, апаттық және іске бейімделмеген ғимараттарда орналасқаны анықталды. Ауылдық медициналық-санитарлық алғашқы көмектің медициналық инфрақұрылымының тозуы 50%-дан асқаны белгілі болды.
Осыған орай Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында ауылдық жерлерде кәсіби кадрлармен және заманауи жабдықтармен жабдықталған 700 жаңа медициналық нысан ашу көзделген. Бұл ретте ұлттық жобамен 655 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанын салу және 32 көпбейінді орталық аудандық аурухана ұйымдастыру жоспарланған.
Халықтың жасын ұзартатын ұлттық жоба
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы үш міндетті қамтиды: Бірінші міндет – фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар салу арқылы барлық ауылдық елді мекендерді медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету. Екінші міндет – заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған заманауи көпбейінді ауданаралық орталық ауруханалар желісін ұйымдастыру. Үшінші міндет – ауылдық денсаулық сақтау объектілерін медицина кадрларымен қамтамасыз ету.
Жобаны іске асырудың нәти¬же¬сінде профилактикалық қарап-тексе¬ру¬лердің, скринингтердің, сондай-ақ ауыл тұрғынына алғашқы шұғыл, маман¬дандырылған және жоғары техноло-гиялық медициналық көмектің қолже¬тімділігін арттыру, сондай-ақ қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді төмендету жоспарланған.
Мәселені қорытындылаған Әлихан Смайылов ауылдарда медициналық қызметтің сапасын жақсарту үшін барлық инфрақұрылымды жаңғырту қажет екенін атап өтті. Осы орайда жоба аясында 655 алғашқы медициналық-санитарлық кө¬мек нысаны салынып, қайта жөнделеді. Сондай-ақ 12 аурухана жаңғыртылып, жаңадан 20 аудандық аурухана ашылады. Сонымен қатар басқа да жобалар аясында, мысалы, «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша медициналық нысандарды салу көзделіп отыр.
«Ауыл халқы үшін барлығы 700-ге жуық медициналық нысан ашылатын болады. Бұл үшін жергілікті атқарушы органдар жер учаскелерін бөлуді жедел қамтамасыз етіп, инженерлік коммуникацияларды жүргізу мәселесін шешуі қажет», деді Ә.Смайылов.
Оның айтуынша, Ұлттық жоба шең¬берінде ауылдағы медициналық ұйым¬дарды денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне интеграциялау және жаңа технологияларды жаппай енгізу көзделген. Бұл азаматтарға өздері тұратын өңірлерде сапалы медициналық қызметтер алуға мүмкіндік береді.
Ә.Смайылов ұлттық жобаның аса маңызды қырларының бірі – кадр тап¬шылығы проблемасын шешу және ауылдық жердегі медицина қызмет¬кер¬лерінің біліктілік деңгейін арттыру екенін айтты. «Өңір әкімдері ауылға келетін медициналық кадрлардың әлеуметтік мәселелерін шешуге назар аударуға тиіс. Жас мамандар ауылға келіп, біліктілігін арттыруға және жұмыс істеуге мүдделі болуы керек», деді Премьер-Министр осы мәселеге орай.
Ол жобада көзделген барлық шара ауылдағы медициналық қызметтің сапалы әрі қолжетімді болуын қамтамасыз ететінін айтып, Денсаулық сақтау министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, ұлттық жобадағы іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.