Экс-премьер министрге Көлбаев қылмыстық тобы сыйлаған люкс бронды көлік тәркіленді

1 538

Қамшы Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобы Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаковқа сыйлаған люкс санатындағы бронды автокөлік тәркіленді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қаза болған қылмыс әлемінің серкесі Қ.Көлбаев пен онымен үлестес болған тұлғалардың заңсыз жолмен иемденген мүлкін анықтау үшін жүргізілген жедел-іздеу шаралары аясында Қырғызстан азаматы Мурат Рамонов ұсталды.


М.Рамонов бәрін заңды деп көрсету үшін Қ.Көлбаевтың қылмыстық жолмен (рэкет, бопсалау, алым-салық, есірткі саудасы) тапқан активтерін өз атына тіркеп, ары қарай оны кей саясаткерлерге беріп отырғаны анықталды.


2020 жылдың қазанында М.Рамонов Қырғыз Республикасының экс-премьер-министрі Сапар Искаковқа қамаудан босағаннан кейін 2015 жылғы «Мерседес-Бенц S600» маркалы бронды автокөлік сыйлаған.


ҚР ҰҚМК дерегі бойынша, 2020 жылдың 5 қазанында Сапар Искаков кейбір саясаткерлермен бірлесіп, бұл көлікті «Ала-Тоо» орталық алаңында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру үшін пайдаланған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.