Қызылорда облысында жыл басынан бері сегіз адам суға кеткен
184
Қызылорда облысында жыл басынан бері сегіз адам суға кеткен, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Облыста суға шомылуға рұқсат етілген 2 жеке жағажай жұмыс істейді. Оның бірі – қаладағы «Сыр самалы» демалыс орны, екіншісі - Белкөл кентінде орналасқан «Абай» демалыс орны. Қазіргі таңда 4 коммуналдық жағажайдың қаулысы әзірленіп жатыр.
Жыл басынан бері облыс аумағындағы су айдындарында 8 адам суға кеткен. Оның ішінде кәмелет жасына толмаған 4 бала бар. Дегенмен, былтырғы жылмен салыстырғанда суға кету оқиғалары 33 пайызға төмендеген.
Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. «Су сенің досың және дұшпаның». Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, төмендегі ережелерді орындаған жөн:
I. Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары - Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз. - Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз. - Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар. - Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз. - Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз. - Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз. - Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.
II. Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіптері Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол, себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дизентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды. Сондай-ақ, одан бұрын Қызылордада суға батып кеткен оқушының денесі табылды.

«Жалпы су айдындарында суға шомылуға қауіпті деп танылған 64 учаске белгіленген. Мұнда 270 ескерту тақтайшасы орнатылған. Облыс тұрғындарынан суға шомылу маусымы кезінде барынша қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамын», - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев.