Қызылордада антикорға пара берген имам жұмысынан қуылды

1 471

Фото: pixabay.comҚызылордада 1 миллион теңге көлемінде пара бермек болған имам Талғат Нұрман "Ыбырай молда" мешітінен жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Имам сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылған. 

"Ыбырай молда” мешітінің имамы Талғат Нұрман ҚМДБ-ның қаулысымен қызметінен босатылды. Сот оны сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін кінәлі деп танып, оңалтуға жатпайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатуына байланысты қызметінен кетті. Нұрманның ҚМДБ жүйесінен босатылғаннан кейінгі жұмыс орны мен қызметі туралы нақты мәлімет жоқ", – делінген хабарламада. 

Тамыз айында мешіттің бұрынғы имамы Талғат Нұрман мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері Серік Әбілқайыров жемқорлық үшін сотталған беді. Нұрман "имам деструктивті діни ағымдарды жақтаушылардан ақша алады және екі әйелді асырайды" деген күдік тудырған тексеруден құтылу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органының қызметкеріне 1 миллион теңге берген.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.