Медициналық мекемеде фельдшерге шабуыл жасалды

1 527

Фото:© Бейнежазбадан кадрАстанада психикалық орталықта науқасқа келуші фельдшерге шабуыл жасады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәбірленуші Асылхан Амангелдіұлының айтуынша, келуші өз туысымен кездесуді талап еткен. Қызметкерлер одан қажетті мәліметтерді сұрағанымен, ол жауап бермеген. Осыдан кейін оған дәрігерге белгіленген уақытта келу ұсынылған. Алайда ер адам агрессия танытып, алдымен дәрігерге ұмтылған, кейін оны тоқтатпақ болған фельдшерге шабуыл жасаған.

"Мойнымнан қылғындырып, оң жақ бетімнен соққы жасады", – деген фельдшер жедел жәрдем көлігімен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізілген.

Дәрігерлер оған бастың сыртқы жарақаты мен бет аймағындағы жұмсақ тіндердің көгеруі диагнозын қойған. Қалалық полиция аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабымен іс қозғалатынын мәлімдеді. Қазіргі уақытта күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріліп жатыр. 

Асылхан Амангелдіұлы бұл мекемеге көбіне есірткі немесе алкогольдік масаң күйдегі, психикалық ауытқуы бар адамдар түсетінін атап өтті. Оның сөзінше, қауіп төнген жағдайда қызметкерлерді қорғауға арналған дабыл жүйесі қарастырылмаған. Бұған дейін де осындай жағдай тіркеліп, туысқанының бірі медицина қызметкеріне шабуыл жасауға әрекеттенген. Ол қауіпсіздікті күшейту мақсатында дабыл түймесін орнатуды сұрағанын, алайда тиісті шаралар қабылданбағанын айтты. Керісінше, өзіне тәртіптік жаза қолданылып, басқа бөлімшеге ауыстырылған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.