Қызылордада мектеп оқушылары жаппай уланып ауруханаға түсті

5 920
Кадры из видео

Фото: Гаухар ДуйсебаеваҚызылордада "Baiterek school" мектебінің төрт оқушысы тамақтан улану белгілерімен ауруханаға түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ата-аналардың айтуынша, оқушылар 27 - ақпанға қараған түні өздерін нашар сезінген, бірақ соған қарамастан мектеп қызметкерлері бұл туралы ата-аналарға хабарламаған. Тамақтан уланған 9-сынып оқушыларының бірінің анасы Гаухар Дүйсебаева қызының және оның сыныптастарының әл-ауқатының нашарлығы туралы бөгде ата-анадан біліп, бірден мектепке келгендігін айтуда. 


"Таңертең қызымның сыныптастарының  ата-анасы қоңырау шалып, мектепте төтенше жағдай болғанын айтты. Мен бірден қызыма қоңырау шалдым, ол түнгі тамақтан кейін тағы үш қыз екеуі ұшынғанын айтты. Түні бойы оларда әлсіздік, құсу, диарея болған. Сырқаттанған балалар бөлмеде жатып, сабаққа бара алмаған. Ал мектеп мұғалімдері сабаққа қатыспаған баланы да іздемеген екен. Қызымның айтуынша, медбикеге оларға тек "Хилак форте" берген, Жедел-жәрдемді шақырмаған.  Біз мектепке келіп, өзіміз шақырдық көмекті.", - деді Гаухар Дүйсебаева.

Фото: Гаухар ДуйсебаеваАта-аналардың айтуынша мектеп асханасына қатысты мәселені осыған дейін де бірнеше рет мектеп басшылығына айтып шағымданып отырған. Бұл оқиға бірінші рет емес дейді аналар. 


"Біз бұл туралы мектеп басшылығына үнемі айтып отырамыз, бірақ мәселе әлі күнге дейін шешілген емес. Енді балаларымыз іштің қатты ауырсынуы, әлсіздік, температурасы бола тұра бөлмеде қараусыз жатқан. Біз өзіміз жедел жәрдем шақыруғымыз мәжбүр болдық", - дейді тағы бір зардап шеккен қыздың анасы Гаухар Қизатова.


Бұл жеке мектепте балалар оқып қана қоймай, осында өмір сүретіні тағы бар. Кейбіреулері демалыс күндері үйлеріне кетеді, ал енді бірі тоқсан аяқталғанша осында жатып оқиды. Мектеп меңгерушісі оқу орнында 2000 бала оқитынын, ал олардың тамақтануын диеталық тамақтану медбикесі қадағалайтынын айтты.

"Таңғы сағат 08:35-те балалардың уланғаны туралы хабар келді. Мен оларға барып, олардың жағдайына білдім. Оқиға туралы медбике хабарлады. Содан кейін сынып жетекшісі мен тәрбиешілер келді. Барлық өнімдер жаңа, жарамдылық мерзімі жақсы. Олардың неден уланғанын білмеймін", - дейді оқушылардың тамақтануына жауапты мектеп қызметкері Гүлпар Балқанова.Фото: Гаухар Дуйсебаева

Алдағы уақытта мектеп әкімшілігі балалардың улану фактісі бойынша тексеру жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарланды. Кінәлілер жауапқа тартылмақ. 


"Бізді алаңдататын нәрсе бір бөлмеде тұратын қыздардың улануы. Біз қауіпсіздік камераларындағы жазбаларды алып, олардың мектептен тыс жерде болғанын, сырттан бірдеңе сатып алғанын білу үшін зерттейміз. Мектептегі асханаға қатысты шағымдар бойынша айтатын боглсақ,  біздің асхана қызметкерлеріміз күнделікті  дайындап жатыр деп айта аламын. Мектепте буға пісірілген немесе қайнатылған тағамдарды ұсынылады, ал оқушылардың көбісі оны ұнатпайды", - деді мектептің әдістемелік жұмыс жөніндегі меңгерушісі Кенжегүл Ерімбетова.

 

Тамақтан уланған қыздар бүгінде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Аурухана дәрігерлері оқушыларға  жедел ішек инфекциясы диагнозын қойды. Қазіргі таңда оқушылар дәрігерн бақылауында.