Заңсыз ойын бизнесін жүргізген қызылордалық азамат жазаға тартылды

802
Қызылорда қаласында заңсыз ойын бизнесін жүргізген 39 жастағы азамат 612 600 теңге көлемінде айыппұл арқалады, деп хабарлайды ақпарат агенттігі.



Қызылорда қаласында тұратын 1984 жылы туған азамат өткен жылдың қаңтар айында Панфилов көшесінде көп қабатты үйдің бірінші қабатынан келісім-шарт негізінде ғимаратты жалға алып, заңсыз ойын бизнесін бастаған.

Онда қойылған компьютерлік құрылғыларда бәс тігу мөлшерлемесін қабылдауға (есепке алуға) және бәс тігу бойынша ұтыс төлеуге қажетті бағдарламаны орнатып, букмекерлік кеңсенің кассасын ашқан. Екі күзетші және кассир-операторды жалақыға жұмысқа алған. Осылайша қаңтар-қазан айлары аралығында қолма-қол ақшаға бәс тігу мөлшерлемесін қабылдау арқылы ұтыс төлеу жолымен әрекет еткен. Заңсыз әрекет қазан айында әшкереленді, - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша тергеп-тексеру департаментінен.

Ведомство мәліметінше, Қызылорда қалалық №2 сотының шешімімен заңсыз ойын бизнесін жүргізген азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Ол 200 айлық есептік көрсеткіш (612 600) мөлшерінде айыппұлға тартылды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.