Жігітпен кездесуге шыққан қыз қаза тапқан
Алматыда жігітпен кездесуге шыққан қыз қаза тапты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қыздың өліміне себепкер болған кінәлі жігітке сот небәрі 2,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кескен. Бұл туралы «Немолчи.кз» қоғамдық бірлестігі мәлімдеді.
Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, аудандық сот қылмыстық істің бабын өзгерткен: ҚР ҚК 104-бабы абайсызда өлімге алып келу. Осылайша қылмыскер тек 2,5 жылға сотталған.
Қайтыс болған қыздың әпкесінің айтуынша, Айнагүл Кеншебаева жігітпен бір сағатқа ғана кездесуге келіскен. Құрбысына жазған. Кетпек болған кезде жігіт қарсы болып, телефонын тартып алған. Артынша телефонын лақтырып, қыздың өзін арыққа итеріп жіберген. Өзі жедел жәрдем шақырмай кетіп қалған. Қыз алған жарақаттары салдарынан сол жерде көз жұмады.
Полиция мен мемлекеттік айыптау ҚР ҚК 106-бабы бойынша іс қозғаған. Алайда, Түрксіб аудандық сотының судьясы А.А. Абдухалықова істі 104 бапқа қайта өзгертіп, оған небәрі 2,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Зардап шегуші тарап бұл шешіммен келіспей, сот тергеуін қайтадан мұқият жүргізуді талап етіп отыр.