Тоқаев: "Қазақтелеком" басшысынан енді шынайы есеп күтемін"
528
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин ел экономикасын монополист компаниялар жаулап алғанын айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев монополия және олигополиямен күресті күшейтуді тапсырды.
"Кабельмен, телевизиымен және интернетпен айналысатын бизнес "Қазақтелекомға" шағымданып жатыр. Мен Президент атына осы саладағы жүйелі проблемалар мен осы компанияға қатысты хат жолдаймын. Тағы бір мысал Маңғыстау облысынан. Ол жақта "Каскор-Транссервис" деген компания су портына жақын жердегі 18 шақырым жолды өз иелігінде ұстап отыр. Қазір тергеу басталды. Сондықтан тариф арзандайды", — деді Серік Жұманғарин.
Оның айтуынша, мұндай мысалдар көп. Ең пайдалы кәсіп олигополияның қолында шоғырланған, солардың кесірінен басқа шағын және орта бизнес дамымай жатыр.
Жекенің де, мемлекеттің де монополиясы өте зиян. "Қазақтелеком" компаниясынан енді нақты нәтиже мен шынайы есеп күтемін,— деді Мемлекет басшысы.