Батыс Қазақстан облысында үстіне теледидар құлап кеткен бала есін жинады

336

Батыс Қазақстан облысындағы ауруханалардың бірінде үстіне теледидар құлап кеткен екі жасар қыз есін жинады. Бұл туралы аймақтың денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Оқиға Бәйтерек ауданы Переметное ауылында болған.  

Бастапқыда баланың жағдайы ауыр деп бағаланған. Педиатр мен хирургтың қарауынан кейін ауырсынуды басатын дәрі салынып, санитарлық авиация шақырылған. Кейін педиатрдың қадағалауымен реанимобильмен облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген. 
Қазір бала жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Қыз ауруханада анасымен бірге жатыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.