Ауыл тұрғындары көң иісі бар су ішуге мәжбүр

2 125

Алматы облысындағы Ащыбұлақ ауылының тұрғындары көң иісі бар суды ішуге мәжбүр,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі  Алматы арнасына сілтеме жасап. 


Ауыл тұрғындары бұл мәселе шешілмесе, адамдар арасында жұқпалы дерт таралуы мүмкін екенін айтып шағымдануда.Ауыл тұрғыны Нұргүл Жолымбекова түсі түсініксіз, дәмі жағымсыз кран суының видеосын әлеуметтік желіге жариялаған.


"Үнсіз қала алмадым. Өте жаман дәмі бар суды ішіп отырмыз. Құбырдағы су тазарғанша ұзақ уақыт күту керек. Соның өзінде лас болады. 10-20 минут қайнатамыз",- деді Нұргүл Жолымбекова.


Одан бөлек су кесте бойынша қатаң түрде, кешкі сағат бес-алтылар аралығында беріледі екен. Ауылда орталық су құбыры бар. Бірақ барлық жерде емес. Сол себептен шет жақтағы тұрғындарға күн сайын бірнеше шақырым жол жүруге тура келеді.


“Есекпен жүргеніме жұрт күледі. Бірақ менде амал жоқ. Менің осылай жүргеніме 10 жыл болды. Ұялмаймын да! Күлкіден гөрі мәселе шешілсе жақсы болар еді",- деді Гүлшархан ауылының тұрғыны Әбдіманап.


Жергілікті әкімдік бұл өткір мәселеге сабырмен қарауда. Әкімдік көп ұзамай ескі құбырлар жаңасына ауыстырылатынын айтты.


"Ащыбұлақтағы су құбыры 1959 жылы тартылған, әбден тозығы жеткен, мәселенің себебі осы. Бірақ Қазақстанның екі ауылы мен Ащыбұлақтағы ескі құбырларды толығымен жаңасына ауыстыруды көздеп отырмыз. Бұл мақсатқа 815 миллион теңге бөлдік. Келесі жылдың қазан айында бітіру жоспарда",- деді Еңбекшіқазақ аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Дәурен Мәлібеков.


Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бұл ауылдағы судың сапасын тексеруге дайын екенін хабарлады. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.