Балалар алаңын өз қаржысына салған кәсіпкерге айыппұл салынбақ
Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Волгодоновка ауылында кәсіпкер өз қаражатына ауыл балалары үшін ойын алаңын салған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Алайда алаңда ойнап жүрген балалардың бірі жаратқат алып, сот оған 1,25 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелген. Кәсіпкер 2025 жылы бос жатқан жерге балаларға арналған ойын кешенін, әткеншектер мен ағаштан жасалған күрке орнатқан. Алайда сол жылы ойын алаңында қайғылы оқиға болып, сырғанақтан сырғанап жүрген кішкентай қыз құлап, басын жарақаттап алған. Кейін қыздың анасы сотқа жүгініп, ойын алаңы қауіпсіздік талаптарына сай болмағанын айтқан. Оның сөзінше, сырғанақтың маңында арнайы жабын болмаған. Бір жылға жуыққа созылған сот процесінен кейін сот талап-арызды қанағаттандырып, кәсіпкерді зардап шеккен қыздың отбасына материалдық және моральдық шығын үшін 1,25 миллион өтемақы төлеуге міндеттелген. Алайда кәсәпкердің өзі бұл шешіммен келіспеген. Десе де ол сот шешімін орындайтынын айтқан.
“Бала ойын алаңында ересектердің қарауынсыз болған, ал орнатылған сырғанақ арнайы қауіпсіз пластиктен жасалған”,- дейді ол.
Осы жағдайдан кейін кәсіпкер ойын алаңын толықтай бұзып тастаған. Ойын құрылғылары мен ағаш күрке көрші ауданға берілген. Ал Волгодоновка ауылындағы аумақ, кәсіпкердің айтуынша, бұрынғы қаз қалпына қайта келген.
Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырған. Кәсіпкер қаржылай көмектен бас тартып, сот шешімін өз күшімен орындайтынын айтқан. Оның сөзінше, балалар үшін салынған ойын алаңын бұзу оңай болмаған. Бірақ болған оқиғадан кейін ол мұндай жауапкершілікті енді өз мойнына алуға дайын емес екенін жеткізген.







