Елімізде жұмыс күні бір сағат ерте басталуы мүмкін

1 683

shutterstock.comЕлімізде жұмыс күні бір сағат ерте басталуы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бюджеттік мекемелер мен жеке компанияларға жұмыс кестесін қайта қарауды ұсынып отыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұған бірыңғай уақыт белдеуіне көшу себеп. Өйткені қыста күн қысқарғанда үйге қараңғыда қайтпас үшін жұмыс күнін бір сағатқа қысқарту қарастырылуы мүмкін. Министр Светлана Жақыпованың айтуынша, жұмыс кестесін өзгерту соншалықты қиын емес. Жұмыс беруші мен қызметкер өзара келісіп, оны екі жақты келісімшартпен бекітсе болғаны.

"Мәселен, жұмыс күні сағат 9-да басталатын мекемелер 8-де бастауға келісе алады. "Еңбек кодексі бұған рұқсат етеді", - дейді министр.


"Жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында келісімшарт бар. Жұмыс кестесін екеуі бірге жасайды. Сондықтан қараңғы уақытта жұмыс істемеу үшін, мысал келтірсек, жұмыс тоғызда басталса, жұмыс берушімен келісіп, сағат сегізден бастаса, бір сағатты қысқартады. Сондай ұсыныс беріліп отыр", – деді Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.