Әйел екі итін киіндіруге 8 млн теңгеден аса ақша жұмсаған
475
46 жастағы америкалық әйел Шелия Одден екі итіне киім алуға 19 мың доллар (8 млн теңгеден аса) жұмсаған,- деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Mirror-ға сілтеме жасап.
Ол сыртқа шыққан кезде жануарлардың бір киімді екінші рет қайталап кимеуін қадағалайды екен. Бүгінде екі жануардың гардеробында 600-ден аса киім бар.Бес жасар Сэмми мен төрт жасар Мэддидің көптеген сәнді көйлектері, бас киімдері мен банттары бар. Бір киімнің құны 85 долларға (37 мың теңге) дейін баруы мүмкін.
"Қандай да бір іс-шараға, фототүсірілімге барсақ, итке бір киімді екінші рет кигізбеймін", - дейді жануарлардың иесі.
Сондай-ақ, америкалық әйел екі иттің денсаулығын жіті бақылайды. Оларды жуындырып, шашын өзі алады әрі дұрыс тамақтандырады.
Одден иттеріне киімді сатып алып қана қоймай, өз қолымен де тігеді. Тек өз жануарларына емес, басқаларға да сатады. Оның тапсырыспен киім тігетін интернет дүкені бар.