Жер үй өртеніп әкесі мен 4 баласының мәйіті табылды

1 387

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comСолтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылында жер үй өртеніп, оқиға орнынан бес адамның денесі табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Дереккөзге сүйенсек, өрттен кәмелет жасына толмаған үш бала және 18 жастағы бір қыз, сондай-ақ олардың әкелері мерт болған. 

«Түнде 112 пультіне Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылындағы жер үйлердің бірі өртеніп жатыр деген ақпарат түсті. Өрт сөндірушілер келгенде үй толығымен отқа оранып, үйдің төбесі ортасына түскен. Өртті сөндірген құтқарушылар екі адам мен үш баланың мәйітін тапты», - деп хабарлайды СҚО төтенше жағдайлар департаменті. 

СҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өрттен 1984 жылғы әкесі, 2006 жылы туған қызы мен кәмелет жасына толмаған екі қызы мен бір кішкентай ұлы қаза тапқанын растады. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.