Балық шаруашылығына салынған инвестицияның төрттен бір бөлігі субсидияланады
Балыққа берілген қорек - жем-шөп құнының да 30 пайызы субсидияланады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы нәтижесінде алдағы екі жыл елдегі балық шаруашылықтарының саны 25 пайызға артуға тиіс. 2027 жылға қарай елдегі балық шаруашылықтарының саны 25 пайызға ұлғаяды. Яғни 700-ге жетеді. Ал өсірілген балық көлемі екі жылда 30 мың тоннаға көбейіп, 50 мың тоннаны еңсереді. Жалпы саны 71 жоба жоспарланған. Бұл жұмыстар мемлекеттік қолдаулар арқасында іске асады. Яғни мұнда ірі инвесторларға су айдындарын беру, қызметтер құнын субсидиялау көзделген. Саладағы күрделі мәселе – зауыттар жабдықтары ескіріп тұр. Қазір Балық комитетіне қарасты үш кәсіпорын бар. Солардың бірі Атырау бекіре зауыты. 1998 жылы іске қосылған зауыт содан бері жөндеу көрмеген.
Балық шаруашылығын 2027 жылға дейін дамыту жоспары
Шаруашылықтар – 700 Өсім – 25%
Өнім – 50 мың тонна
Барлығы – 71 жоба
Қазір балық шаруашылығындағы кәсіпорындардың басым бөлігі әбден ескіргені белгілі болды. Мәселен, Атырау бекіре зауытының салынғанына 30 жылға жуық уақыт өтсе де жабдықтары жаңартылмаған. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында халықаралық тәжірибені зерделедік. Және зауытты жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірледік. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын биылғы жылдың көктемінде бастауды жоспарлап отырмыз. Осы сияқты жұмыстар Петропавл балық питомнигінде де жүргізіліп жатыр.