Қазақстан АЭС салғысы келетін елдермен келіссөзді аяқтады
Қазақстан атом электр станциясын салатын вендорлерді ұлттық мүддені ескере отырып таңдайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Еліміздің Энергетика министрлігі осындай мәлімдеме жасады.
2025 жылғы 21 қаңтарда энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация Ресейге жұмыс сапарымен барған. Бұл сапар тендерге қатысушылардың ұсыныстарын бағалауға бағытталған келіссөздер сериясының соңғы кезеңі болды, деп атап өтті министрлік.
Бұған дейін Қазақстан өкілдері Кореяға, Францияға және Қытайға осындай сапар жасаған.
Қаз
Рус






