Қазақстан АЭС салғысы келетін елдермен келіссөзді аяқтады

2 682

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: istockphoto.comҚазақстан атом электр станциясын салатын вендорлерді ұлттық мүддені ескере отырып таңдайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Еліміздің Энергетика министрлігі осындай мәлімдеме жасады.

«Қазақстан атом электр станцияларына арналған технологияларды әлеуетті жеткізушілермен бәсекелестік диалогын аяқтады. Қысқа тізімге KHNP (Корея), CNNC (Қытай) және EDF (Франция)  компанияларымен қатар «Росатом» мемлекеттік корпорациясы да енді», - делінген хабарламада.

2025 жылғы 21 қаңтарда энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация Ресейге жұмыс сапарымен барған. Бұл сапар тендерге қатысушылардың ұсыныстарын бағалауға бағытталған келіссөздер сериясының соңғы кезеңі болды, деп атап өтті министрлік.

Бұған дейін Қазақстан өкілдері Кореяға, Францияға және Қытайға осындай сапар жасаған.

«Жобаны жүзеге асыру үшін жеткізушіні немесе консорциумды таңдау туралы соңғы шешім әлі қабылданған жоқ. Ол 2025 жылы Қазақстанның ұлттық мүддесін, халықаралық нормалар мен міндеттемелерді ескере отырып қабылданады», - деп мәлімдеді ведомство.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.