Елімізде салық түсімдері 1,5 есеге артқан
Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке 6 293,1 млрд теңге салық түсімдері түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 145,3 млрд теңгеге көп, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Комитеттің мәліметінше, түсімдердің өсуіне мұнайға 65,1%, алюминийге 44,0%, мырышқа 37,9%, қорғасынға 12,6%, мысқа 10,1% және алтынға 4,4% бағаның артуы ықпал еткен. Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі де 56,4%-ға өсті.
Қаз
Рус






