Шерзат Болаттың ағасының денесі табылды

1 490

Фото: Видеодан скриншотТалғардың шетінде Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Полицейлердің мәліметінше, 30 жастағы ер адамның денесі Талғар қаласының маңынан табылған. Алдын ала болжам бойынша, ол асылып, өз-өзіне қол жұмсаған.

"Марқұмның Шерзат Болаттың ағасы екені анықталды. Тергеу сатысында қылмыстық сипаттағы белгілер анықталған жоқ", –делінген хабарламада.

Облыстық полиция департаменті марқұм Шерзаттың отбасы үнемі полицияның қорғауында екенін атап өтті. Осы уақыт ішінде марқұмның отбасына қауіп төндіру фактілері тіркелмеген.

"Қауіпсіздік қызметкерлерінің түсініктемелері бойынша, ер адамның күзетілетін нысаннан кешкі сағат 23:30-да өз көлігімен шығып кеткен . Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды", – деп қосты полиция.

Полиция тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды және жалған ақпарат тарату жауапкершілікке, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын еске салады.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.