Мүгедек адамға күтім жасайтын отбасы мүшесіне жалақы тағайындалмақ
335
Елімізде мүгедектігі бар адамға қызмет көрсету ісіне олардың отбасы мүшелері тағайындалып, жалақы төленбек, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ол тағы бір өзгеріс ретінде мүгедектігі бар адамға қызмет көрсету ісіне олардың отбасы мүшелерін барынша тарту екендігін айтты.
Кодекстің үшінші жаңалығы – әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансфомациялау. Мұндағы негізгі мақсат - мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін әсіресе ауылдық округтерде арттыру. Бұл үшін мынадай өзгерістерді қарастырып отырмыз. Біріншіден - жан басына шаққандағы норматив енгізу. Оның мөлшері қызметтер үшін жеке нормативтер, ал компенсаторлық техникалық құралдар үшін шектеулі бағалар түрінде зерттелетін болады. Бұл өзгерістер бір жағынан, кейбір қызмет немесе тауар түрлерін алдағы уақытта монетизациялауға алып әкеледі. Екінші жағынан, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге жеке секторды кеңінен тарту арқылы саланың инфрақұрылымын ауылдық жерлерге дейін жеткізуге мүмкіндік береді, - деді министр.
Ол тағы бір өзгеріс ретінде мүгедектігі бар адамға қызмет көрсету ісіне олардың отбасы мүшелерін барынша тарту екендігін айтты.
Бұл ретте отбасы мүшесі жеке көмекші немесе әлеуметтік қызметкер ретінде ресімделеді. Бұл жұмысқа еңбекақы төленеді және әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жарналары аударылады. Осылайша, отбасының еңбек жасындағы жұмыссыз мүшелері қызметке орналасады. Сөйтіп, әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда әлеуметтік қамсыздандыру шараларымен толық қамтылады, - деді Тамара Дүйсенова.