Аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліштің төрағалығымен депутаттық фракциясының отырысы өтті

1 696

Фото: Қазалы ауданының әкімдігіАудан басшысы Мейрамбек Зинабдинұлының қатысуымен, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының және аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліштің төрағалығымен депутаттық фракциясының отырысы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«AMANAT» партиясының аудандық филиалында өткен жиында сайлауалды бағдарламаның іске асырылу барысы қаралды.

Жиын барысында биылғы жылдың 10 айында іске асырылу барысы мен орындалуы және орындалмау қаупі бар шаралар барысы қаралып, мінберден сөз алған аудан әкімінің хабарламасы тыңдалды.

Өз кезегінде аудан басшысы бағдарлама бо­йынша биылға жоспарланған 77 іс-шараның есепті кезеңде басым бөлігі орындалғанын айтып, нәтижелі жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар «AMANAT» партиясының Үкіметпен бірлесе жүргізіп жатқан ауыл халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасының да жүзеге асырылу барысын тілге тиек етті.

Өздеріңізге белгілі жол картаның 2024 жылға ауданға қатысты бес бағытты қамтитын 77 іс-шарасы жоспарланған. Биылғы жылдың он айына жүргізілген талдау нәтижесінде 44 іс-шара, яғни 75 пайызы орындалып, қалған 33-і орындалу үстінде. Осы ретте аудан бойынша іс-шараға қатысты тармақтарының орындалуына қысқаша тоқталсам, бірінші бағытта Қазалы ауданы экономикасы, өнеркәсіп пен кәсіпкерліктің дамуы болып отыр. Дәлірек айтсақ, негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемі 2024 жылы 26,5 миллиард теңге бекітілсе, биылғы жылдың он айында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 19 миллиард 375 миллион теңгеге орындалып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 114,7 пайызды құрады. Ал өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі ағымдағы жылға 19,2 миллиард теңге деп бекітілген. 2024 жылдың он айында өңдеу өнеркәсібі 20 миллиард 297 миллион теңгеге орындалып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,5 пайызды құрап отыр, – деп аудан әкімі басқа да жұмыстарға тоқталып өтті.

Биыл ауданда жоғарыда аталған бағыт бойынша қыруар қаржы тартылып, жемісін беріп жатқан жұмыс көп. Толығырақ айтсақ, кәсіпкерлік субъектілерінің қаражаттарға қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша 10 айда бірыңғай кешенді бағдарлама арқылы екінші деңгейлі банк­тен берілген несиенің сыйақы мөлшерлемесін төмендету яғни, портфельдік субсидиялау бойынша 1 миллиард 956 миллион теңге құрайтын 77 жоба қаржыландырылып, көрсеткіш толық орындалды.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы шеңберінде 2024 жылы Қазалы ауданына 1379 жұмыс орны бекітілген. Соның ішінде субсидияланатын жұмыс орындарына 1476 адам жұмысқа орналастырылып, 107 пайызға орындалған.

Ақылы қоғамдық жұмысқа – 1051, жастар практикасына – 293, әлеуметтік жұмыс орнына – 65, күміс жасқа – 46, ұрпақтар келісім шарты – 2 және алғашқы жұмыс орнына – 19 адам тартылған.

Кәсіпкерлік бастамалары бойынша гранттар беруде 2024 жылға жоспар 141 болса, ағымдағы жылдың бірінші қарашасына 146 адам 215,6 миллион теңгеге мемлекеттік грант алды. Оның орындалу үлесі – 103,5 пайызға артық көрсетіп отыр. Бұл өз кезегінде ауданда кәсіпкерліктің көкжиегінің кеңеюіне орай жақсы көрсеткіш деп айта аламыз.

Ауданда ауыл шаруашылығы бойыншада даму қарқыны көз қуантады. Әсіресе суғару, егін егу бойынша жоспарланған жобалар жемісін беріп отыр.

Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды субсидиялау көлемінің өсуін ұлғайту бойынша үш техника сатып алу жоспарланса, бүгінгі күнге 16 техника алынып, меже толық орындалған. Оның ішінде заңды тұлғалардан 9 техника болса, жеке тұлғалардан 7 техника.

Биыл аудан бойынша барлығы 266 гектар жерге су үнемдеу технологиясын пайдалана отырып, «Рза» АҚ 260 гектар сүрлемдік жүгері, «Smart Agro» шаруа қожалығы 6 гектар бақша егіп, өнім толығымен жиналып алынды.

Заңды тұлғалар «Қазалы Жолшы» ЖШС – 1, «РЗА-Агро» ЖШС – 5, «Нұрас и К» ЖШС – 2, ал «Өте» ШҚ – 1 ауыл шаруашылығы техникасы алынған.

Ағымдағы жылда жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 24 миллиард 993 миллион теңгеге жоспарланса, он айда 19,9 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,8 пайызды құраған.

Ал өнім көлемінің былтырғы жылмен салыстырғанда төмендеуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің статистикалық мәліметтерді жаңартуға байланысты 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін ауыл шаруашылығы өнімдерінің кейбір түрлеріне өзектендіру жүргізіліп, өнім көлемі 20 пайызға қысқартылуы сеп болып отыр.

Одан бөлек, аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекет меншігіне қайтарылатын ауыл шаруашылығы жерлердің аудандар бөлінісіндегі жоспары бекітіліп, Қазалы ауданы бойынша 10 000 гектар жер мемлекет меншігіне қайтару межесі бекітілген.

Қазіргі таңда аудан көлемінде жалпы көлемі 7519 гектарды құрайтын 29 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал оның орындалу көрсеткіші пайызға шаққанда 75,19% көрсетіп отыр.

Тағы 2024 жылға аймақ бойынша 25 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жұмысында меже 2522 болса, ауданда он айда 2300 жаңа жұмыс орны ашылған. Аудан әкімінің сөзіне сенсек, меже жыл соңына дейін орындалмақ. Аудан басшысы бұдан бөлек, көңіл қуантар жұмыстарға да тоқталды.

Мұнан соң аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Әділбек Сарабеков сөз сөйлеп, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында ауқымды жұмыстар іске асырылып жатқанын айтып, алда жоспарланған маңызды жұмыстарға сәттілік тіледі.

Аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліштің төрағалығымен депутаттық фракциясының отырысы өткендігі — аймақтың қоғамдық және саяси өмірінде маңызды оқиға. Мұндай отырыстар жергілікті басқарудың тиімділігін арттыру және азаматтардың мүддесін қорғау бағытында маңызды шешімдер қабылдау үшін өткізіледі.

Отырыста, әдетте, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, жергілікті бюджет, инфрақұрылымдық мәселелер және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, депутаттар өздерінің сайлаушыларымен кездесіп, тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдайды. Мұндай жиындар мемлекеттік басқару жүйесінің халыққа жақын болуына және әрбір ауданның қажеттіліктеріне уақытылы жауап беруге мүмкіндік береді.

Отырыс қорытындысында партия филиалының төрағасы Ғазиз Әлмәмбетұлы жол карта іс шараларын сапалы әрі тиімді іске асыру партияның әрдайым күн тәртібіндегі мәселесі екенін, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен депутаттық корпустың бірлескен жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асатынын жеткізді.