Қызылордада қоғамдық көлікпен жүру құны көтерілмек
Елімізде жанармайдың қымбаттауына орай қоғамдық көліктерде де жүру құны көтерілмек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Президент бұл ақшаны делдалдардың қалтасына емес, мұнай-газ саласындағы жаңа жобаларға және МӨЗ-ді жаңғыртуға бағыттау қажет екенін айтты.
“Үкімет мұнай өнімдерінің бағасын қайта қарау кезінде мемлекет үшін салық түсімін арттыру жөнінде қосымша шаралар қабылдауы тиіс. Тарифтік саясат бойынша Үкіметке реттелетін тауарлар мен қызметтерді тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу мәселесін пысықтауды тапсырамын. Бұл – халықаралық тәжірибе”, – деді Тоқаев.
Осы уақытта жанар-жағармайдың қымбаттауы аймақтарға әсер ете бастады. Көптеген жанармай құю бекеттерінде бензин мен дизельдің бағасы өзгеріп үлгерді.
Ақтөбеде дизель бағасының өсуіне байланысты қоғамдық көлікпен жүру құны да өзгеруі мүмкін. Қаладағы ең ірі тасымалдаушы жаңа тарифтерге қатысты жауап берді. Компания қазіргі жанармай бағасымен жол жүру құнын көтермесе, шығынға ұшырайтынын мәлімдеді.
Ақтөбеде автобустардың 90%-ы дизель отынымен жүреді. Жаңа бағаларға байланысты олар 10 миллион теңгеден астам шығынға ұшыраған. Енді компания шенеуніктерден субсидия мөлшерін көбейтуді сұрайды. Әйтпесе, жол жүру бағасын көтеруге тура келеді.
“Бізге фермерлер сияқты жеңілдіктер берілмейді. Баға өседі, болды. Соңғы рет жол жүру бағасын 2018 жылы көтердік”, – деді "Автопарк" ЖШС ресми өкілі Руслан Жылқаманов.
Ірі тасымалдаушы компания өкілдерінің айтуынша, қазір әкімдік тек қала маңында жүретін бағыттарға субсидия бөледі. Айына шамамен 50 миллион теңге. Алайда бұл автопарк үшін жеткіліксіз дейді. Сондықтан барлық бағыттар бойынша толық субсидиялауды талап етуде.
"Электронды төлем байырғы 85 теңгемен қалады. Ал, қолма-қол төлем 130 теңгеге көтеруге ұсыныс берілді. Өзгерістің 2 себебі бар. Біріншісі, халықты цифрландыруға көшіру. Екіншісі, қолма-қол төленген ақша жүргізушілердің қалтасына кетіп жатыр. Қазіргі күні автобустарда кондуктор қызмет етпейді. Егер жүргізушінің туысы немесе баласы қолғабыс етуге шықса айыппұл салуға қауқарлымыз.
Бұл 130 теңге жеке автобустарға қатысты емес. Электронды төлем қай автобустарда бар соларға ғана көтеріледі. Жекелер электронды құрылғылардан бас тартып отыр. Өйткені көлеңкелі кәсіп екені анық. Нақты табыстарын көрсеткісі келмейді. Сондықтан оларда 90 теңге болып қала береді", - деді "Қызылорда автобус паркі" ЖШС-нің директоры Мақсат Жүсіп.
Әкімдікте хат әлі зерттелмеген. Бірақ субсидиялар сомасын ұлғайту мәселесін арнайы комиссия қарастырады, сондықтан күтуге тура келеді.
“Барлық есеп айырысу жұмыстары комиссияға шығарылып, жүргізілуде. Қазір 27 маршрут субсидиялануда. Әлеуметтік маңызы бар 12 маршрут бар. Осы 12 бағыт бойынша қазір есеп айырысу жұмыстары жүргізілуде”, – деп мәлімдеді Ақтөбе қаласы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Жомарт Бақыткелді.
Мәселе екі апта ішінде шешілуі керек.
Қырғызстандықтар қазақстандық отынды қайта сатумен айналысуда. Көрші ел тұрғындары Қазақстанда отын қымбаттаса да, Қырғызстаннан қарағанда жанармай құю тиімдірек екенін мойындайды. Сол үшін бірнеше күннен бері Жамбыл облысында арнайы рейдтер жүргізіліп келеді.
Құқық қорғау органдары жанармайды шетелге заңсыз шығаруға тырысатындарды іздеуде. Бұл – әдетте үлкен цистерналары бар жүк көліктерінің жүргізушілері. Полицияның пайымдауынша, Қырғызстан азаматтары жиі ұсталады. Ол кезде құқық бұзушыларға 51 мың теңге айыппұл салынып, көліктері айыппұл тұрағына алынады. Жүргізушілер артық жанармай бактарын алып тастағанда немесе тіркеген кезде береді.
“Бүгінгі таңда техникалық талаптарға сәйкес келмейтін қосымша отын бактарын орнату арқылы көлік жүргізген 27 адам анықталды”, – деді Жамбыл облысы ПД УАП бастығының орынбасары Николай Сон.
Шекараға жақын жанармай құю бекеттерінде қырғызстандықтар жеңіл көліктеріне жанармай құяды. Ал ол заңсыз емес. Такси жүргізушілері арнайы көтергіштерге салып, 60 литрлік цистерналарға бензин құяды.
Мысалы, 92-ші 202 теңгеден сатылады. Қырғызстанда 92-нің құны шамамен 50 сом, бұл шамамен 260 теңге.
Солтүстік Қазақстанда отынның қымбаттауы егіс науқанына әсер етті. Екі тәулік ішінде бір литр солярка бірден 35 теңгеге қымбаттады. Бүгінде оны 260-295 теңгеге сатып алуға болады.
Биыл ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 74 мың тоннаға жуық жанармай қажет болады. Бұл былтырға қарағанда үш мың тоннаға артық. Арзандатылған дизель отынын литріне 224 теңгеден сатып алуға болады, билік мұнда ешқандай проблема жоқ деп түсіндірді. Бірақ жергілікті фермерлер толық бұған сенбейді. Егіс алдында дизель отыны қымбаттайтынын біліп, қыстан бастап қамдануда.