Елімізде полицейлердің жалақысы 90 пайызға дейін өседі

478
2023 жылға дейін полиция қызметкерлерінің жалақысы 90 пайызға дейін өседі- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Қызметкерлердің әлеуметтік-материалдық жағдайын көтеру бойынша іс-шаралар қабылдануда. Бүгінде полиция қызметкерлерінің жалақысы құқық қорғау органдары арасында өте төмен. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдан бастап кезең-кезеңмен жалақы көтерілуде», - деді министр.

2023 жылға дейін полиция қызметкерлерінің жалақысын 50-ден 90 пайызға дейін өсіру көзделіп отыр.

«Осылайша, сержанттың жалақысы 81 мыңнан 140 мың теңгеге дейін, лейтенант жалақысы 103 мыңнан 174 мың теңгеге дейін артады», - деді Ерлан Тұрғымбаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.