АҚШ Қазақстаннан жер телімін 49 жылға жалға алады

1 417

Фото: gov.kzМәжілісте  жер телімін АҚШ-қа жалға беру туралы заң жобасын жұмысқа алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының үкіметі арасындағы келісімге сәйкес, АҚШ Алматыда консулдық ғимарат салу үшін жер телімін жалға алмақ. 

"Қарастырылып отырған келісім былтыр 27 қыркүйекте Нью-Йоркте жасалды. Келісімнің мақсаты – АҚШ үкіметіне Алматы қаласындағы АҚШ консулдық мекемесінің үй-жайларын салу және пайдалану үшін 49 жыл мерзімге ауданы 70 мың шаршы метрден асатын жер учаскесін жалға беру. Келісімде жер учаскесін беру тәртібі мен шарттары айқындалған. Комитет осы заң жобасын жұмысқа алуға және қорытынды дайындауға әзір", – деді мәжілісмен Айгүл Құспан. 

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті заң жобасы бойынша қорытынды дайындайды. Құжат келесі мәжіліс отырысында қаралмақ. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.