Соңғы 5 айда 7,7 млн тонна мұнай өндірілді

1 490

Фото: kmg.kz"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Eni SpA» компаниясының Жаһандық табиғи ресурстар бөлімінің барлау және өндіру директоры Лука Виньятимен кездесу өткізді- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобаларын іске асыру барысы, қазақстандық кадрларды даярлау мәселелері, сондай-ақ гибридті электр станциясын салу және геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Кездесуде А.Хасенов Қашаған кен орнын одан әрі толық игеру бағытындағы жоспарларға тоқтала келе, тиісті іс-шараларды пысықтау бойынша күш-жігерді біріктіру маңызын атап өтті. Сондай-ақ ҚМГ-ның NCOC және KPO-дағы қазақстандық мамандар санын көбейту басымдылығын ескере отырып, 2020-2025 жылдарға арналған жергілікті кадрлар үлесін арттыру бағдарламасын 2030 жылға дейінгі кезеңге жаңарту талап етіледі.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.