Ұлттық ұланның сарбазы өз басына оқ атып, мерт болды

1 213

ҚР Ұлттық ұланы 6636 әскери бөлімінің сарбазы басына оқ атып көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 9 қазанда болған.


6636 әскери бөлімнің әскери қызметшісі қатардағы Қайсар Сұлтанов әскери қалашықты күзету жөніндегі кезекші бөлімшенің құрамына кірген.


"Сағат 01:20 шамасында штаб бойынша кезекші және бөлімше командирі қызметті тексеру кезінде қатардағы Сұлтановтың өз бекетінде басына оқ атып, жаралы жатқанын байқады. Жедел жәрдем жеткенше ол көз жұмды", – деп мәлімдеді ұлттық ұланның баспасөз қызметі.


Сондай-ақ оқиғаның мән-жайы анықталып жатқаны атап өтілді. Қызметтік тергеу жүргізілуде. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.