"Қазақ қыздары тек қана туыс еркекке тию керек": Сақалды жігіт

468

Әлеуметтік желіде сақалды жігітің видеосын кәсіпкер Ахметбек Нұрсила өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі . 


“Қазақ қыздары тек туыс еркекке тиюі керек, сонда ғана қазақ асыл тұқымды, текті болады”, – дейді бейнежазбадағы ер адам.


Оның айтуынша, қазақ қыздары туысына күйеуге шықса, тектілігін сақтап қалады. Ахметбек Нұрсила видеоға қатысты пікірін білдірді.


“Қазақ қыздары тек қана туыс еркекке тию керек, тек сол кезде ғана қазақ текті болады" дейді мына жас жігіт. Ұрпағының осылай адасып, лағып кететін білсе бабаларымыз қалай құса болар еді. Шын мәнінде дінге кірген барлық қазақ осыны қолдайды, қолдауға мәжбүр. Өйткені бұл Мұхаммед пайғамбардан келе жатқан үрдіс. Бірақ бәрі бірдей белгілі уақытқа дейін ол ұстанымдарын ашық айта алмайды, әлі діңкештене қоймаған қазақ қоғамынан қорқақтайды, қарсыластарымызды көбейтіп аламыз ба деп те қорқады. Мен бір рет Мұхамеджан Тазабекпен дастархандас болғанда ол да: "Біздің ауылдың жігіттері 30-ға келгенше, анау менің руласым, мынау менің туысым деп үйленбей жүр. Ақымақтар, пайғамбарымыздан үлгі алмай ма" дегенін өз құлағыммен естіп едім”, – деп жазды.


Сақалдының видеосы жұрттың ашуын туғазды. Олар мұндайларды заңмен жазалау керегін айтты. 


“Жабайы маймыл”, “Орыстар мәңгүрт қылып болып, енді арапқұлдар таза мәңгүрт қылуға кірісті дейсің”, “Туған қарындасын қатын қылсын”, “Әрбір сақал қойғанды тыңдай беретін заман болды ма, бұл кім өзі?”, “Қазақтың тұқымын құратайын деп жүр”, “Мұндай тексiз сектанттарды ұлттық қауiпсiздiк мекемелерi тауып жазалауы керек”, “Топастықтың да шегі бар”, – деп жазды ызаға булыққан желі қолданушылары.