БЮДЖЕТТІК КРЕДИТ ТӨЛЕМДЕРІ УАҚЫТЫЛЫ ҚАЙТАРЫЛУДА
189

Субвенция – жергілікті өкімет органдарына немесе халық шаруашылығының жекелеген салаларына белгілі бір мақсат үшін берілетін мемлекеттік қаржы жәрдемі. Сондықтан халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында басқа да көздерден қаржы тартуға шешім қабылданған. Мәселен, 2010-2022 жылдар аралығында өңірдегі әлеуметтік-экономикалық, коммуналдық мәселелерді шешу жолындағы жұмыстарды үйлестіріп, қолдау шараларын жүргізу үшін республикалық бюджеттен кредит рәсімделген.
- 2022 жылдың 1 қаңтарына облыстың бюджеттік кредит міндеттемесі 54,6 млрд теңгені құрап отыр. Бағалы қағаздар бойынша 36,5 млрд теңге, ал осы жылы тағы 6 млрд теңгеге бюджеттік кредит алынды. Сондай-ақ, тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін 3 млрд теңгеге бағалы қағаздар шығару жоспарланған. Нәтижесінде биыл 10,6 млрд теңге мөлшерінде өтелетін қарыз бекітілген, - деді Н.Рахымшаұлы.
