БЮДЖЕТТІК КРЕДИТ ТӨЛЕМДЕРІ УАҚЫТЫЛЫ ҚАЙТАРЫЛУДА

207

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Басқарма басшысының айтуынша, Қызылорда облысының бюджетінің 70 пайызы субвенциялы бағытта,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

 Субвенция – жергілікті өкімет органдарына немесе халық шаруашылығының жекелеген салаларына белгілі бір мақсат үшін берілетін мемлекеттік қаржы жәрдемі. Сондықтан халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында басқа да көздерден қаржы тартуға шешім қабылданған. Мәселен, 2010-2022 жылдар аралығында өңірдегі әлеуметтік-экономикалық, коммуналдық мәселелерді шешу жолындағы жұмыстарды үйлестіріп, қолдау шараларын жүргізу үшін республикалық бюджеттен кредит рәсімделген.

- 2022 жылдың 1 қаңтарына облыстың бюджеттік кредит міндеттемесі 54,6 млрд теңгені құрап отыр. Бағалы қағаздар бойынша 36,5 млрд теңге, ал осы жылы тағы 6 млрд теңгеге бюджеттік кредит алынды. Сондай-ақ, тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін 3 млрд теңгеге бағалы қағаздар шығару жоспарланған. Нәтижесінде биыл 10,6 млрд теңге мөлшерінде өтелетін қарыз бекітілген, - деді Н.Рахымшаұлы.

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы алынған кредиттер мен мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен, аудан және қала әкімдіктерімен міндеттемелердің уақытылы өтелуіне тұрақты мониторинг жүргізіп отырады. Барлық кредиттер бойынша кредиттік шарттар жасалып, ҚР Қаржы министрлігіне тоқсандық есептілік мерзімінде тапсырылуда. Қарыз алушылардың бюджеттік кредит бойынша төлемдері бюджетке уақытылы қайтарылуда.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.