Ішкі істер бөлімінде айғақ ретінде сақталған алтындар жоғалды

469

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Шымкенттегі Абай аудандық ішкі істер бөлімінде заттай айғақтарды сақтауға арналған қоймадан қымбат зергерлік бұйымдар жоғалып кеткен, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Аталмыш зергерлік бұйымдар қылмыстық іске қатысты биылғы жылдың 7 наурызында тапсырылған екен.   
Сол кезде салмағы 2 келі тартатын зергерлік бұйымдар 45 миллион теңгеге бағаланған. Олардың жоғалғаны жуырда ғана белгілі болған. Айтуларынша, жоғалған алтын бұйымдардың іздерін қаладағы 12 ломбардтан тапқан.  


Күдікке заттай айғақтарды сақтауға жауапты полиция бөлімінің қызметкері, полицияның аға инспекторы Виктория Тельнова және Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Нұржан Тілеуов ілікті.  

Ал, Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз өкілі бұл жағдайды теріске шығарған жоқ, сонымен қатар растаған да жоқ. Оқиғаға қатысты «хабар беретіндерін» жеткізді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.