Қызылордада 2265 жобаға субсидия берілген
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында оң көрсеткіштер байқалып отыр. Осындай жаңашыл жобалар жыл сайын жалғасын табуда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Облыс кәсіпкерлеріне бір терезе қағидаты негізінде қызмет көрсететін толық форматтағы «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» 2017-2019 жылдары «бір терезе» қағидаты негізінде 19055 қызмет көрсетті. Бір жылдан соң өңір кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасау, әкімшілік кедергілерді қысқарту және кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын сүйемелдеуге алу мақсатында кәсіпкерлік саласында қызмет көрсететін ұйымдар бір бизнес-орталыққа шоғырландырылды.
Бизнес-орталық «Кәсіпкерлер үйі» деп аталып, толықтай облыс әкімдігінің қамқорлығына алынды. 2018-2020 жылдары жаңа тұрақты жұмыс орнын құру, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың санын қысқартуға ықпал жасау, өңірде шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесін өсіру үшін «Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың үш жылдығы» болып жарияланды.
2022-2023 жылдары шағын және орта бизнестің 48,8 млрд теңгеге несиелендірілген 2265 жобасына Ұлттық жоба аясында субсидия берілген. Шағын бизнестің 43 кәсіпкерлік бастамасына 187,5Биыл Мемлекет басшысының Жолдауы аясында ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы қолға алынып, ауыл тұрғындары мен жастар кәсіпкерлігін жылдық 2,5 пайызбен несиелендіру тетігі іске қосылды. Ауылдық жерлердегі 130 кәсіпкерлік бастамаға 1 млрд теңге, ал жастардың 281 кәсіпкерлік бастамасына 1,2 млрд теңге шамасында микрокредиттер табысталды.
2014 жылы облыс әкімдігінің қаулысымен құрылған «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығының міндеті – ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің жобаларын жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету. Бүгінгі күні 13 млрд теңгеге 2600-ден аса кәсіпкерлік жоба қаржыландырылып, нәтижесінде 2700 -ге жуық жұмыс орны құрылған. Сондай-ақ, «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы өндірістік, қайта өңдеу, қызмет көрсету, креативті экономика бағытындағы бизнестерге қолдау көрсетеді.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы 2018-2021 жылдар аралығында 150-ге жуық жоба қаржыландырған. Бағдарлама шағын және орта кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсетті. Нәтижесінде 150-ден астам жұмыс орны құрылған. Жоба даму әлеуеті бар шағын және орта бизнестің барлық субьектілеріне қаржыландырудың тұрғындарды кәсіпкерлікке тартуға бағытталған.
Өңірдегі құрылыс индустриясын дамыту үшін жеткілікті көлемде минералды-шикізат шоғырланған. Әк, түрлі фракциядағы қиыршық тас, саз және ақсаз, кварц құмдарын өндіруге арналған доломиттер, бентонит және каолин балшықтары аймақта жетерлік.
Бұл салада 70-ке жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Өңірде табақша шыны, цемент, темірбетон бұйымдары, әк, кірпіш, керамикалық және силикат кіріпіш, керамзит блоктары, құрылыс қоспалары, желім, тротуарлық плитка, тауарлық бетон, екі қабатты терезелер, айна және т.б өнім түрлері шығады.
2017 жылдан бастап «Комфорт-1 KZ» серкітестігі заманауи және автоматтандырылған технологияларды қолдана отырып, уақыт пен климаттық тексеруден өткен ең сапалы екі қабатты терезелерді және әйнектерді өндіре бастады. Құрғақ құрылыс қоспалар, әк, пенопласт және полистирол бетон өндірісімен айналысатын кәсіпорындар бар. «ВЕГА-Пром» серіктестігінің құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру цехы 2015 жылы пайдалануға берілді. Мұнда құрғақ құрылыс қоспасының 11 түрі шығарылады. «Композиттік құбырлар зауыты» серіктестігі 2013 жылы құрылды.
Ішкі сауда ел экономикасының басты қозғаушы күші. Өңірде 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында жалпы сауда көрсеткіші 530,8 млрд теңгені құрады. Атап айтқанда, бөлшек сауда айналымы 330,6 млрд теңгеге жетіп, 104 % болса, көтерме сауда айналымы 199,2 млрд теңгені немесе 104,3%-ды құрап отыр. Ал, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу 966,2 млн теңге немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңіне 105,4%-ды шамалаған.
Туризм саласында инвестиция көлемі де жыл сайын артып келеді. 2022 жылдың қорытындысымен инвестиция көлемі 26,8 млрд теңгені құраған. Қазіргі таңда, облыстың транзиттік инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Қорқыт ата» әуежайы терминалының құрылысы жүргізілуде және темір жол вокзалы қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар, жаңадан салынып жатқан өнер орталығы мен автовокзал құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Жазғы демалыс маусымында облыста 13 шағын және 2 ірі демалыс орындары жұмыс істейді. 2022 жылы 37,7 мың демалушы келген. Оның ішінде 14,2 мың демалушыны «Қамыстыбас» және «Ханқожа көлі» демалыс аймақтары қабылдаған.
Облыстың туристік саласы көптеген жетістіктерге жетті. Тіпті соңғы 20 жыл ішінде туристер саны 10 есеге артып, 2022 жылдың қортындысымен өңірге 100492-ге дейін адам келгені тіркелген. Бүгінгі күні облыс аумағында 100-ден аса қонақ үйлер бой көтерген. Аймақтың басты артықшылықтарының бірі – тиімді географиялық орналасуы. Облыс аумағы арқылы «Батыс Еуропа» – «Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің үштен бірі өтеді.
Қытайды Еуропаға байланыстыратын ең жылдам және тиімді жол 2015 жылы пайдалануға берілген еді. 2015 жылдан бастап жол бойында қызмет көрсететін кешендер іске қосыла бастады. Бүгінгі күнге Ұлттық стандартқа сай келетін 46 нысан келушілерге қызмет көрсетіп отыр.
2014 жылы бүкіл әлемге әйгілі «Қорқыт ата» мемориалдық кешені Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің тапсырмасымен қайта жаңғыртылды. Бір жылдан соң Сығанақ қалашығында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңда облыс көлемінде туризмді дамыту мақсатында 5 шипажай халыққа медициналық қызмет көрсетуде. Жыл соңына дейін заманауи үлгідегі шипажай пайдалануға берілді. Өткен жылдан бастап республикада туризм саласында 4 мемлекеттік қолдау шаралары жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік қолдау шаралары аясында 17 санитарлық-гигиеналық тораптар субсидиялануда.