Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тұрақталады

283
 Облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын  тұрақтандыру бойынша тиісті шаралар қабылдануда,- деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін облыстың тұрақтандыру қорынан тауарлық интервенциялар жүргізу, сондай-ақ «айналым» схема бойынша бағаны тұрақтандыру механизмі аясында заем беру арқылы шаралар қабылдануда.


«Қазіргі таңда, 796,2 тонна өнім тұрақтандыру қорында болса, 7109,2 тонна өнім контрактіленген. Облыста баға тұрақтандыру мақсатында өңірлік тұрақтандыру қоры жұмыс жасайды. Өнім қорларын қалыптастыру мақсатында облыстық бюджеттен соңғы үш жылда (2020-2022) 3,9 млрд. теңге бөлінді.
Айналым схемасы аясында 20 келісім шарт негізінде 1143,0 млн.теңге қаржы кәсіпкерлерге заем ретінде берілді. Айналым схемасы аясында қарыз алған кәсіпкерлік субъектілермен 9584,5 тонна өніммен қамтамасыз ету жөнінде міндеттемелерге қол қойылған
.» ,- деді Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Дүйсебаев Талғат.


Тұрақтандыру қорының өнімдері және «айналым схемасы» шеңберінде қарыз алған кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдері 38 әлеуметтік дүкен арқылы және облыс орталығының 17 ірі сауда үйінің әлеуметтік бұрыштары арқылы сатылуда. Облыс тұрғындарын көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында бірнеше келісім шарттар жасалды. 
Форвардтық негізде келісім шарттар жасақталып, өңірлік тұрақтандыру қорына барлығы 1050 тонна картоп, 450 тонна жуа, 150 тонна сәбіз, 150 тонна қырыққабат сатып алу жұмыстары жүргізілуде.


Қазіргі таңда, қант бағасын тұрақтандыру және жетіспеушілігін болдырмау мақсатында өңірге тікелей Көксу қант зауытынан және Азық-түлік келісім шарт корпорациясы арқылы қант жеткізу бойынша жұмыстар жасалуда. Бүгінгі күні статистикалық деректер бойынша облыста қант құны 494 теңгені құрайды. Жалпы, 1496 тонна қант контрактіленген болса, оның бүгінгі күнге дейін  1224 тоннасы облысқа жеткізілген. Көксу қант зауытымен бір ай ішінде қосымша 680 тонна қант өнімін жеткізу бойынша келісімге келіп, сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Қант өніміне облыс халқының 1 айға қажеттілігі - 1178 тоннаны құраса, бүгінгі күні облыста 457 тонна қант қоры бар, бұл ай соңына дейінгі қажеттіліктің 116,3 пайызын құрайды.  Апта соңына дейін 204 тонна қант жеткізіледі, бүгінде жолда келе жатқандағы мәлім етілді. Ал, жыл соңына дейін 3 155 тонна қант сатып алу жоспарлануда.

Сонымен қатар, нан бағасын арзандату мақсатында Азық-түлік корпорациясы  арқылы 7 айға 14 317 тонна астық бөлінген. 


Облысқа ұн өндіруші кәсіпорнымен 3674,6 тонна ұн босатылып, оның ішінде   3532,7 тоннасы ірі наубайханаларға бөлке нанды төмендетілген бағада сату үшін мақсатты түрде берілді.


Облыс тұрғындарын төмен бағада бакалея, көкөніс тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында тұрақтандыру қоры мен заем алған әріптестерімен жыл басынан апта сайын халық шоғырланған жерлерде жәрмеңкелер ұйымдастырылып, бүгінгі күнге дейін  600 жуық тонна өнім сатылды.


Мұса Қалдарбеков. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың бірі ретінде ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау қарастырылған.



«Жыл басынан бері 17 сауда нысанындағы азық-түлік бағаларына қатысты жоспардан тыс тексерулер тағайындалды. Оның бүгінгі күні, 10 нысанына тексеру жұмыстары аяқталып, оның 8 нысанында сауда үстемесін сақтау бөлігінде заң бұзушылығы анықталып, әкімшілік шарасы қолданылса, қалған 7 сауда нысаны бойынша тексеру жұмыстары жалғасуда. Тұрғындардың көп жағдайларда үй жанындағы дүкендер мен шағын маркеттердің қызметіне жүгінетінін ескере отырып, бірінші кезекте осы нысандарға бағаны негісіз өсірудің жауапкершіліктері ескертілді.» ,- дейді Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы  Мұса Оспанұлы

Аталған жұмыстар аясында 2 192 кәсіпкерлік субъектісіне хабарлама…