Қазақстанда жемқорлардың туыстарының мүлкін тартып алуы мүмкін

1 498

Фото: www.culture.ruМәжіліс депутаты Марат Башимов Бас прокуратураға кеңейтілген тәркілеу енгізуді қолдауды ұсынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Егер бұл заң қабылданса, жемқорлардың кез келген мүлкі және оның басқа да жақын туыстарының мүлкі тәркіленеді. Азамат өзінің өз қаржысының қайдан келіп жатқанын түсіндіре алмаса, оның активтерін тәркілей алады. Мүліктің кімнің атына жазылғаны маңызды емес. Яғни, әйелінің, көңілдеснің, балаларының және басқа туыстарының атына тіркелген мүлік те тәркіленеді. 

“Қазір мұндай норма болмағандықтан, активтер көбіне үшінші тұлғалардың атына рәсімделеді де, көп адам жауапкершіліктен құтылып кетеді. Олардың мүлкі толық тәркіленбейді. Ал сотталушы түрмеде отырып-ақ дүние-мүлкінің туыстарының, көңілдестерінің, атына жазылғанын біліп, алаңдамай отырады. Ол ертең шыққан соң да сол активтер мен қаражатқа еркін өмір сүреді. 

Депутаттың сөзінше, мұндай норма әлемдегі көп елдерде бар. Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржы шараларын әзірлеу тобы Қазақстанға да бұл норманы енгізуді ұсынып келеді. Бұл ақшаны жылыстатуға көлеңкелі экономикаға қарсы күресті күшейтеді. Бірақ бұрыннан жемқорлар мен лоббистер бұл ұсынысқа қарсылық білдіріп, кедергі жасап келеді. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.