Балабақшада балалар үш ай жарықсыз отырған

1 394

Фото:  Тұрар ҚазанғаповПавлодар облысы Ақтоғай ауданына қарасты Харьковка ауылындағы шағын орталықтың балалары жарық көрмегелі үш ай болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Он үш балақай тәрбиеленетін орталықта қыркүйектен бері электр қуаты болмаған.

Қазір Павлодар облысында түстен кейін, сағат 15:45-те күн батады. Қараңғы түскеннен кейін тәрбиешілер телефон жарығын қосып, жұмыс уақытын аяқтайды. Шағын орталық елді мекендегі мектептің бір бөлігінде орналасқан. Дәл осы бөбекжайлар жағында жарық жоқ. Ал екінші бөлігінде бар.

Одан бөлек шағын орталықтың асханасы да жұмыс істемейді. Кейбір балақайлар ас-суын үйлерінен алып келеді, ал балабақшада тек тоқаш пен бәліш беріледі.

"Мектептің шағын орталығы орналасқан жағында жазда шатыр жөнделген. Жаңбыр жауып, содан электр желісі тұйықталды. Салдарынан қыркүйектен бері жарық болмай қалды. Содан бері конкурс өткізіп, енді керек жабдықтарын алдық. Қазір жөндеп жатыр. Ал асхананың жұмыс істемеуі аспаз маман болмауынан. Дегенмен мердігер күнделікті аудан орталығынан бәліш, алма, шырынды жеткізіп беріп тұрады", - дейді Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары Бибігүл Оспанова.

"Үш айдан бері мемлекеттік сатып алу рәсімі жүріп жатқан кезде уақытша электр құрылғысын неге қолданбадыңыздар?" деген сауалға шенеунік мардымды жауап бере алмаған.

Харьковка ауылы 2019 жылға дейін жеке округ болған. Қазір ауданы орталығы Ақтоғайға қарайды. Халқының саны - шамамен 329 адам.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.