Достарынан таяқ жеген балаға өмір бойына жаттығу сертификаты берілді

489

Павлодар облысындағы GAMMA MMA федерациясының төрағасы Болат Сүлейменов достарынан қорлық көрген балаға жекпе-жек бөліміне өмір бойына жаттығу сертификаты берілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Мұндай жамандықты зұлымдар ғана жасайды. Сол үшін олар ауыр жазаға тартылады. Бірақ біз алға қарай ұмтылып, тек жақсысын алуымыз керек. Өйткені мықтылар жаманнан тек жақсылық көреді. Ал әлсіздер жақсының жамандығын байқайды. Никита бізге қонаққа келе ме, жоқ па, өз таңдауы. Бірақ біздің достығымыз соңына дейін", - деп жазды белсенді.


Айта кетейік, Павлодардағы стадионда бір топ жасөспірім 13 жастағы баланы соққыға жыққан болатын. Оған төрт адам шабуыл жасаған. Жасөспірімдер алдымен кәмелетке толмаған баланы келеке етіп, жүз мың теңге талап еткен. Баланы қасында жүрген достары аман алып қалып, жедел жәрдем шақырған.


Ал Павлодар облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл факт тіркеліп, оқиғаға қатысушылардың бәрі анықталған.


"Бұл факт тіркелді. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде" - делінген хабарламада. 


Қазіргі таңда жасөспірім спортшылардың қорғауына алынды.