Күтуші 4 жасар баланы өлтіріп, жол бойындағы әжетханаға лақтырып жіберген

379

Семейде бала күтуші мен күйеуі 4 жасар баланы өлтіріп, денесін тас жол бойындағы әжетханаға тастаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әлеуметтік желіде Семей тұрғыны баласын күтушіге қалдырып кетіп, қайтып келген соң баласын таппай қалғаны туралы ақпарат пайда болды. Күтуші баланың анасын жұбатып, оны досымен бірге жүр деп сендірген. Бірақ кейін баланың қаза болғаны белгілі болды.


Анықталғандай, бала көз жұмып, күтушінің күйеуі мәйітті спорттық сөмкеге салып, тас жол бойындағы әжетханаға лақтырып жіберген. Күтуші баланың өліміне себеп болған өзінің талма ауруы екенін айтады.


Полиция бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.


“Төрт жасар баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, күдікті қамауға алынды, оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр”, – делінген Абай облысы ПД хабарламасында.


Қылмыстық іс Абай аудандық прокуратурасы мен полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.