Балабақшада бала қараусыз қалып, аулада жалаңаш жүрген

307

Қарағандыдағы балабақша аулаларының бірінде жалаңаш жүрген бала бейнежазбаға түсіп қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Бейнежазба авторының айтуынша, оқиға Майқұдықтағы 15-ші аудандағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған. Бейнежазбадағы бүлдіршін балабақша қызметкерлері келгенше өз бетімен балабақша аумағын аралап шыққан. Бұл видео әлеуметтік желіде тарап, жұртшылықты әбігерге салды. Кейбір желі қолданушылары баланы көшеде ұмытып кеткен деп болжайды. Бейнежазбаға қатысты Қарағанды қаласының білім басқармасы түсініктеме берді. Басқарма өкілдері оқиғаның Майқұдықтағы жекеменшік балабақшада болғанын растады.


"Қарағанды қаласының білім бөлімі "Ақ бала" жеке балабақшасында орын алған жағдай туралы бейнежазбамен танысты. Баланың қараусыз қалып, өз бетімен далаға шығуының себебін анықтау үшін 14 сәуірде балабақшадағы бейнебақылау камераларының жазбасы зерттеліп, тергеу жоспарлануда", – делінген қалалық білім бөлімінің мәлімдемесінде.


Сондай-ақ департамент балабақша әкімшілігіне қауіпсіздік шараларын күшейтіп, кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсынды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.